Жаңалықтар

20 шілде 2007
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті елшісі Пол Браммелді қабылдады.

Кездесу барсында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастардың аса серпінді дамып отырғанын атап өтті. 2006 жылы екі елдің өзара тауар айналымы алғаш рет 1 миллиард доллардан асып түсіп, одан әрі даму үрдісіне ие болды.


- Біз сондай-ақ осы жылдың тамызында өтетін Мәжіліс депутаттарының сайлауына әзірлік барысын талқыладық. Бұл елдің демократиялық даму жолына нық орныққанын көрсеткен Қазақстан үшін аса маңызды қадам болып табылады. Ұлыбритания азаматтары Қазақстандағы сайлауға ЕҚЫҰ бақылаушылары ретінде қатысады, - деді Пол Браммел журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар