Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жапония императоры Акихитодан құттықтау келіп түсті .

- Мен Аса Мәртебелім, Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті жоғары лауазымына ресми кірісуіңізге орай өзімнің жүрекжарды құттықтауымды жолдаймын және Сіздің еліңіздің халқына бақ-береке, игілік тілеймін, - делінген жолдаухатта.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының атына Эритреи Президенті Исайяс Афверкиден құттықтау жолдаухаты келіп түсті.

 
- Қазақстан Сіздің президенттік басқаруыңызбен әлемдегі биік деңгейлерге, өркендеулер мен игіліктерге қадам басуын жалғастыра беретініне шын жүрегіммен үміттенемін. Сонымен қатар мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жеке Сізге өзімнің ең ізгі тілектерімді, Қазақстан Республикасының дос тілекті халқына жетістіктер мен өркендеулер тілеймін, - делінген құттықтауда.

 

Президенттің атына Таиландтың Премьер-Министрі Таксин Шинатаврадан құттықтау келіп түсті.

 
- Екі жақты қарым-қатынастарды, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен азиядағы ынтымақтастықтың үнқатысуы аясындағы өңірлік ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуда, Аса Мәртебелім, Сізбен ынтымақтастықты бекіте беретінімізге үміттенемін, - делінген құттықтауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар