Жаңалықтар

26 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерін жоғары оқу орнының онжылдық мерейтойымен құттықтады және "Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына" атты тақырыпта дәріс оқыды.

7.jpg

8.jpg

9.jpg

 

-Осы университетті кеше ғана құрған сияқты едік, енді қарасақ арада он жыл зымырап өте шығыпты. Алайда осы он жылда ел өмірінде қыруар оң өзгерістер, елеулі оқиғалардың болғаны, адамзат дамуының әлемдік үрдістеріне сәйкес іргелі реформалардың жүзеге асқаны өздеріңізге аян.

Біз бәріміз де университет еліміз үшін өте қиын жылдары құрылғанын жақсы білеміз. Әлі де болса жалақы мен зейнет­ақы кешігіп, инфляция ауыздықталмаған болатын, көптеген өңірлерде электр тогы кезекпен өшіріліп жатты, алайда еліміз жаңа университеттің құрылуы туралы хабарды зор жігермен қарсы алды.

Өйткені бұл болашаққа ұмтылған қадам болатын. Лайықты жасалған және Қазақстанның мерейлі болашағына деген сенімнің қадамы болды.

Осы жылдар ішінде жаңа университет өзінің тарихын өнегелі бастамалармен, өміршең істермен жасай білді. Сөйтіп қазір ол іргелі ғылым ордасына, білімнің шын мәніндегі киелі шаңырағына айналып отыр,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының сөйлеген сөзі интерактивті жүйеде Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарына тікелей таратылды. Дәріс Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру және аталған міндетті орындаудағы білімнің рөлі тақырыбына арналды. Дәрістен кейін студенттерге Мемлекет басшысына өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Дәрістің мәтінін мына жерден .





Дәрістің бейнежазбасын мына жерденкөріңіздер.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар