Жаңалықтар

12 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ресми сапармен жүрген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.
134.jpg

Екі ел басшыларының өзара кездесуі және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге және Ресей делегациясына ұлықтау рәсіміне қатысқандары үшін алғыс білдірді.

- Біздің бүгінгі тату көршілік пен достыққа құрылған қарым-қатынасымыз болашаққа және қос мемлекеттің игілігі жолына бағытталған, - деді Қазақстан Президенті.

Владимир Путин Қазақстан басшысын сайлаудағы жеңісімен және лауазымына ресми кірісуімен құттықтады.

- Астанаға жасалып отырған аталған сапар айрықша салтанатқа ие. Мен Қазақстан халқын осы шешімімен және мемлекетте қол жеткізілген жоғары дәрежелі саяси тұрақтылық пен экономикалық және әлеуметтік дамудың орасан қарқынымен құттықтаймын, - деді Владимир Путин.

Мемлекет басшылары кездесулерінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты бекіту туралы грамоталарымен алмасу жөніндегі Хаттамаға қол қойылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.Дунаев пен Ресейдің Өнеркәсіп және энергетика министрі В.Христенко Еуразиялық даму банкін құру туралы, Қазақстанның Даму банкінің президенті Қ.Шалғымбаев пен Внешэкономбанкі төрағасы В.Дмитриев Ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бірлескен қаржы институты аталған Банкке қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикаларын қалыптастыру мен дамытуға, олардың экономикалық өсуі және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік туғызуға бағытталған.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салалардағы іс-әрекеттері бойынша даму серпінін атап көрсетіп, өзара қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Қазақстан және Ресей Президенттерінің баспасөз өкілдері алдында жасаған мәлімдемелерінің толық мәтінін <a href=" қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар