Жаңалықтар

12 қаңтар 2016
Мемлекет басшысы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

 

Украина Президенті Қазақстанға өзінің ресми сапары кезіндегі жылышырайлы қабылдау және келіссөздер үшін алғыс айтты.  

Мемлекеттер басшылары сауданың баламалы жолдарын пайдаланудың жаңа жағдайындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Президенті қақтығыс түйінін тарқату және Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті шешу ісінде мәмілеге келуге шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары