Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 маусым 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Қатар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы айқын жеңісімен және Президентті ұлықтау рәсімінің сәтті өтуімен құттықтады.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары қызметі қазақ халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Қатар Әміріне құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты ықпалдастықты одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы сөйлесуге қатар тарапы бастамашы болды.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары