Жаңалықтар

2 мамыр 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды
Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Қазақстан Президентіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі жобаларының іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді, сондай-ақ Мемлекет басшысы «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге консультативтік және әдістемелік көмек көрсету мүмкіндіктерімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мемлекеттік органдардың маңызды міндеті саналатынын айтып, облыс әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасауды тапсырды.

Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері, облыстың көлік-логистикалық және туристік әлеуетінің іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен мемлекет-жекеменшік серіктестік аясындағы жобаларға және әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қолдау көрсету ісіне баса мән берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу