Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 ақпан 2019
Елбасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады

Мемлекет басшысы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толу қарсаңында өткізілген бұл кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтіп, сол елдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.

Сондай-ақ, Елбасы ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туысқандарына көңіл айтты.

Бақытбек Смағұл Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы тарапынан атқарылған жұмыстар мен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімдеді.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар